Сондай-ақ қараңыз
Schaff Trend Cycle индикаторын Дагг Шаф (Doug Schaff) 2008 жылы әзірлеген. Ол валюта трендтерінің циклдық түрде үдейтінін және баяулайтынын болжамдады.
1. Сырғымалы орташаның мәндері (23 және 50 күннің мәндері) және MACD индикатор есептеледі.
EMA1 = EMA(Close, ShortLength);
EMA2 = EMA(Clost, LongLength);
MACD = EMA1 – EMA2;
2. Stochastic 10-периодтық индикатордың MACD индикатордан (Schaff Trend Cycle индикаторының циклдары)) мәндері есептеледі
%K(MACD) = %KV(MACD, 10);
%D(MACD) = %DV(MACD ,10);
Schaff = 100 * (MACD – %K(MACD)) / (%D(MACD) – %K(MACD));
Schaff Trend Cycle Техникалық индикаторы жұмыс қағидаты бойынша циклдарға негізделген, сондай-ақ стохастикалық осциллятор мен MACD индикатордың принциптеріне негізделген осциллятор болып табылады. Осы индикатордың жұмыс нәтижесі, бағалық шудың көптеген ұсақ кезеңдерін елемейтін, кенеттен бағытталған баға серпілісіне әсер ету болып табылады.
Индикатор авторының тұжырымдамасына сәйкес, біраз уақыт өткеннен кейін валюта нарығында тренд дамудың бастапқы нүктесіне қайтады, оның кейінгі қозғалыстарының циклы қайталана бастайды. Осылайша, Forex нарығының баға қозғалысында әлдебір кезеңділік орын алады, оны Schaff Trend Cycle метатрейдерге арналған индикатор анықтайды.
Циклдарды ескеруден бөлек, индикаторды әзірлеу кезінде трендтің даму векторын бағалаудың екі түрлі тәсілін — жатықталған стохастикалық осциллятор және MACD құрамдастыруды пайдаланды.
Schaff Trend Cycle техникалық талдау индикаторын қолдана отырып, Forex биржасында саудалаудың негізгі әдістемесі индикатордың сызығы 75% деңгейінен төмен кесіп өткенде валюта активін сату және 20% деңгейін жоғары кесіп өткен кезде сатып алу болып табылады.
Сондай-ақ, тұжырымдаманың авторы сигналдарды сүзудің келесі әдісін ұсынды, егер сигналдық бардан кейінгі бар, алдыңғының максимум деңгейінен жоғары жабылса, онда бұл баға қозғалысының үлкен ықтималдығын және соның салдары ретінде, сатып алуды білдіреді. Кері жағдай, сигналдық бардан кейін жүретін бар, алдыңғы бардың минимум деңгейінен төмен жабылса, сату сигналы болып табылады. Бұл сатудан түсетін пайданың ықтималдығы жоғары екенін білдіреді.
MAshort = 23
MAlong = 50
Cycle = 10